Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

85 мың теңге өзгере ме? Қазақстанда ең төменгі жалақыға қатысты маңызды жаңалық

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда ең төменгі жалақының (ЕТЖ) мөлшерін көтеру мәселесі қайта талқыланбақ. Қазіргі таңда нақты шешім қабылданған жоқ.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амриннің айтуынша, ЕТЖ-ны арттыру бойынша тиісті есептеулер бар және бұл мәселе көтеріліп отыр. Алайда 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында әзірге ең төменгі жалақыны көтеру қарастырылмаған.

Бұған дейін Амрин ең төменгі жалақыны жыл сайын ұлғайтып, болашақта 150 мың теңгеге дейін жеткізу жоспары туралы айтқан еді.

Депутат Татьяна Савельеваның мәліметінше, бюджет жобасы бірінші оқылымнан өткеннен кейін депутаттар салыстырмалы кесте аясында ЕТЖ мәселесін талқылайды. Депутаттар мен парламенттік фракция бұл мәселені қазірдің өзінде көтеріп отыр.

Бұған дейін ең төменгі жалақыны 90 мың теңгеге дейін арттыру мүмкіндігі айтылған. Мәжіліс депутаттары оны 110 мың теңгеге дейін көтеруді де ұсынған, алайда бұл ұсыныс үкімет тарапынан қолдау таппаған.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандық хитмен Латвияда қара тізімге енді

bairakkz

Аксуская молодежь и ветераны голосуют на выборах

bairakkz

Әуежайда қызметкерді кепілге алған ер адам екі айға қамауға алынды

bairakkz