Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Абай облысында қасқыр атып алған жас жігіт айыппұлға кесілді

Фото: Абай облысының ПД

Абай облысы, Көкпекті ауданы полициясы заңсыз қасқыр атып алған 28 жастағы жігітті анықтап, оған айыппұл салды.

Полиция мәліметінше, азамат рұқсат қағазы жоқ қасқырды атып алған. Осы әрекет арқылы ол Жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидаларын бұзған. Бұл Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы болып, экологияны қорғауға арналған нормаларды бұзу болып саналады.

Жігітке 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, оған аң аулау ережелері түсіндіріліп, ескерту жасалды.

Сәйкес жаңалықтар

Тарихи, тағдырлы оқиғаларға өз уақытында, лайықты баға берілуі керек — Ерлан Қошанов

bairakkz

АЛҒАШҚЫ ТУР АЯҚТАЛДЫ

bairakkz

Қанша адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды

bairakkz