Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Азық-түлік арзандады: сауда орындарында «Береке Fest» акциясы өтіп жатыр

Фото: istockphoto.com

23 желтоқсаннан басталған «Береке Fest» акциясы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Ел бойынша шамамен 80 ірі сауда желісі акцияға қатысып жатыр. Олардың ішінде SMALL, Magnum, Fermag, Anvar, Toimart, Фермаг, Dina, Норма, Дана сияқты ірі ритейлерлер бар, сондай-ақ өңірлік сауда желілері де қосылған.

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, акцияның басты мақсаты – халық тұтынатын негізгі тауарлардың бағасын тұрақтандыру, отандық өндірушілерді қолдау және қазақстандық өнімнің қолжетімділігін арттыру. Бұрын бұл акция қыркүйек-қазан айларында да өткізілген. Бағаның төмендеуі сауда желілерінің үстемесін азайту, фермерлер мен сауда орындары арасындағы тікелей байланысты жолға қою арқылы мүмкін болды. Бұл делдалдарды айналып өтіп, өнімнің тікелей жеткізілуіне мүмкіндік берді.

Акция барысында сауда желілері сауда үстемесін төмендеткен. Нәтижесінде отандық тауарлармен қатар импорттық өнімдер де жеңілдікпен ұсынылады. Ассортимент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қамтиды.

Сонымен қатар, ірі сауда желілерінде қазақстандық өнімдер үшін арнайы промо-аймақтар ұйымдастырылған, ал акцияға қатысатын барлық сауда нүктесі бірыңғай стильде безендірілген.

Сәйкес жаңалықтар

«Шойынбалға» Руслан Абдуллаев кәсіпқой боксқа ауысты

bairakkz

Қазақстанда микронесие алу қиындай түспек

bairakkz

ҮНДІСТАНДА ҮЗДІК АТАНЫП, ҮМІТТІ АҚТАДЫ

bairakkz