Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

AFC ПРОМОУТЕРЛІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТУРНИР ӨТКІЗУДЕГІ БАСТЫ МАҚСАТЫ ҚАНДАЙ

Жаңадан ашылған АFC(Alfa Fight Club) промоутерлік компаниясы 26 қарашада Алматы Аренада дүбірлі жекпе-жек кешін өткізеді. 12 мыңдық «Алматы Арена» спорт кешенінде әлемнің білекті де жүректі жігіттері қалың көрерменге тартымды бәсекелер сыйламақ. АFC президенті Әділбек Тұрғынбаев аталмыш турнир аралас жекпе-жек спортына жаңа серпін алып келетінін айтады. Яғни, аталмыш тұжырым Қазақстанда ақылы онлайн-көрсетілімді дамытпақ. Осыған дейін, АFC промоутерлік компаниясы тәжірибе жүзінде 2017 жылдың 1 сәуірінде өткен «Алаш Айбары» халықаралық турнирін MMA.VISION.COM сайты арқылы тегін онлайн көрсеткен еді. Қорытындысында жарысты 17 мыңнан астам адам тікелей эфирде тамашалаған. Осы орайда, Әділбек Тұрғынбаев Қазақстанда PPV-ті (ақылы онлайн-көрсетілім) дамыту керектігін алға тартып отыр. Миллиондаған сомма кететініне қарамастан АFC промоутерлік компаниясы ресейдің белді тұжырымы  Fight Nights-пен бірігіп, халықаралық турнир өткізуді қолға алды. Шығынды екі промоушен бөліп алмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шығынның жарты соммасы 46 миллионнан асқан. Алдағы уақытта қалың көрермен осы және өзге сегізбұрыш бәсекелерін АFC cайты MMA.VISION.COM арқылы тікелей эфирде көре алады.

26 қарашада өтетін ауқымды кештің басты жекпе-жегінде Қуат «Найман» Хамитов ирландиядық Питер Куиллимен шеберлік байқасады. Ирландиялық майталман Питер UFC жұлдызы Конор МакГрегордың спарринг-серіктесі. «Найман» лақап атына ие Қуат Хамитов өзінің жарқын әрі табысты жекпе-жектерімен көпшілікке жақсы таныс. Сондай-ақ, турнир барысында QAZAQ 70 гран-приі өтеді. Гран приге 70 келі салмақта Мұрат Бақторазов, Мырза Еркінбек, Олжас Есқараев, Алтынбек Бақтыгельдинов, Артем Резников бастаған 14 спортшы сынға түседі. Осы кеште қалың жанкүйер Fight Nights нұсқасының чемпионы Георгий Кичигин мен Магомед Нуров және Жалғас Жұмағұлов пен Шадж Хэк арасындағы жекпе-жекті көре алады.

Сәйкес жаңалықтар

Қонаев қаласында “Арена” драмасы сахналанды

bairakkz

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ УЭЛЬС ФУТБОЛШЫЛАРЫН 3:2 ЕСЕБІМЕН ҰТТЫ

Ришат

UEFA ұйымы «Ұлттар лигасы» турнирінің нақты регламентін бекітті

Ришат

Пікір жазу