Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Айдар Шәрібаевты Алматы әуежайынан күтіп алды(фото)

Бүгін түнде Алматы халықаралық әуежайына АҚШ-тан Қазақстанға бет алған ұшақ қонған еді. Танымал боксшы Айдар Шәрібаев осы әуе рейсімен келіп жеткен.

Естеріңізде болса, 4-қарашада жерлесіміз АҚШ-тың Киссими қаласында колумбиялық Даулис Прескотпен жұдырықтасқан еді. Жұдырықтасқан дейміз-ау. Бірінші раундта екі нокдауннан кейін, толассыз соққы алған Даулисіңіз рингтің бесінші бұрышын іздеп кеткен. Сөйтіп Айдар өзінің боксшылық мәнсабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді және бұл оның алтыншы нокауты болатын.

Шәрібаев келеді дегенді естіп, әуежайға 40-50-дей адам жиналды. Ата-анасы, достары, өнердегі азаматтар және тілшілер мен қарапайым жанкүйерлер Айдарды қаумалап, аспанға көтеріп жатты. Қазақы дәстүр бойынша, боксшыға шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

Еңбекқор, талантты спортшының өзі де ақжарқын, ашық азамат. Көпшіліктің ықыласына алғысын жаудырып жатты. Журналистерге сұхбат беріп, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Біраз тыныққаннан соң, қайтадан демалысын бастайтынын айтқан Айдар, бұдан былай жанкүйерлерін жақсы жаңалықтарымен қуантпақ. Бұл туралы alzhan.kz сайтынан алдағы уақытта оқи аласыздар.

ffa_soccerimg_9865 ffa_soccerimg_9773 ffa_soccerimg_9786 ffa_soccerimg_9788 ffa_soccerimg_9793 ffa_soccerimg_9795 ffa_soccerimg_9799 ffa_soccerimg_9805 ffa_soccerimg_9854 ffa_soccerimg_9861

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Елбасы футбол ойнады

Ришат

Сегодня Казахстанцы выберут депутатов мажилиса и маслихатов

bairakkz

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

bairakkz

Пікір жазу