Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

Алакөлде демалып жүрген әйел екі аяғынан айырылды

видеодан кадр

Жетісу облысындағы Алакөл жағалауында болған қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, 16 шілде күні Көктұма ауылындағы Алакөл жағалауында демалып жүрген 69 жастағы әйел кері жүріп келе жатқан шағын кеменің (катердің) бұрандасына (пропеллеріне) түсіп кеткен. Оқиға шомылуға арналмаған, жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақта болған.

Салдарынан әйел екі аяғынан ауыр жарақат алып, дәрігерлер оның екі төменгі аяғын ампутациялауға мәжбүр болды. Зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізіліп, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында.

Жетісу облысы Полиция департаменті оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлап, барлық мән-жай анықталып жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, 17 шілдеде Алакөлде екі гидроцикл соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алған.

Полиция су көліктерінің иелерін қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, ал демалушыларды тек арнайы жабдықталған жерлерде шомылып, суда барынша сақ болуға шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

Айгүл Иманбаева күйеуімен болған әңгімені жайып салды

bairakkz

Шерзат Болаттың әкесін полиция ұстады

bairakkz

Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты үкім шықты

bairakkz