Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Алматы облысында колония бастығының орынбасары ұсталды

Алматы облысы бойынша ҚАЖД № 14 мекемесі бастығының орынбасары бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды.

«2024 жылғы 13 қарашада Алматы облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Алматы облысы бойынша ҚАЖД № 14 мекемесі бастығының орынбасары пара алды деген күдікпен ұстады», – деп хабарлайды Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс шеңберінде болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.

Сәйкес жаңалықтар

UFC: Шавкат Рахмоновтың қарсыласы кім екені белгілі болды

bairakkz

Спорт алаңы ашылды

bairakkz

Ширек ғасырда еркін күрестен бір әлем чемпионын баптауға жарамадық…

bairakkz