Арқалық қаласының прокуратурасы қала аумағында бірнеше рет ақбөкеннің етін заңсыз сатқан адамды анықтап, оны соттатты, деп хабарлайды bairak.kz.
Қостанай облысының прокуратурасы хабарлағандай, ол бес тушаны сатқан. Бұдан мемлекетке 21 млн теңге залал келген.
«Сот азаматты экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айырды және оның автокөлігін тәркіледі», — деп хабарлайды прокуратура. Оның үкімі заңды күшіне енген.