Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ЖЕТІСУДА КӨКПАРШЫЛАР СӘЙГҮЛІКТЕРІМЕН КЕЛІП ДАУЫС БЕРДІ

Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылының көкпаршылары атпен №147 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Өз таңдауын жасауға ат ауыздығымен алысқан 20-дан астам көкпаршы келді. Көкпаршы Қайрат Тоғысбаев:
«Жылқы десе елеңдемейтін қазақ жоқ. Біз көкпаршылар атынан жастарға үлгі болсын деп сайлауға ерекше, дәстүрлі түрде жылқымен келдік. Еліміз үшін аса маңызды саяси науқанда әр адамның дауысы маңызды», — деп сайлауға қатысушыларға ұлттық рух сыйлады.
Аттың құлағында ойнайтын азаматтар жұртшылықты дауыс беруге шақырды.
«Жаңаталап ауылындағы сайлау учаскесінде 1000-ға жуық дауыс беруші бар. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі өз таңдауын жасады. Барлығы әділ өтіп жатыр, ешқандай тәртіпбұзушылық болған жоқ», — дейді сайлау учаскесінің төрағасы Шолпан Арпабаева.

Сәйкес жаңалықтар

Текеліде бір мезгілде Мемлекеттік Ту шеруімен велосипедшілер дауыс берді

bairakkz

Головкин WBN версиясы бойынша рейтингте көш бастады

Ришат

«Біздің таңдауымыз тек кемел келешекке, жарқын болашаққа бастауы тиіс»

bairakkz