Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

«Лайықты өмір керек»: Дана Нұржігіт актрисаның жағдайына назар аударды

Фотоколлаж: qazaqtoday

Тележүргізуші Дана Нұржігіт актриса Меруерт Өтекешова туралы пікір білдіріп, оның қазіргі тұрмыс жағдайына алаңдаушылық танытты.

Журналист Майя Бекбаеваға берген сұхбатты көргеннен кейін қатты әсер алғанын айтты. Оның сөзінше, өнер иесінің бүгінгі өмірі жүрекке ауыр тиген.

Сұхбатты көріп, жүрегім қарс айырылды. Интеллигенция дегенде дәл осындай адамдарды елестетемін. Оның қарапайым өмір сүріп жүргенін білетінмін, бірақ Астанада пәтер жалдап тұратынын естігенде таңғалдым. Бұл – ақылға сыймайтын әділетсіздік, – деді Дана Нұржігіт.

Сондай-ақ ол актрисаның қазақ мәдениетіне қосқан үлесін ерекше атап өтті. Әсіресе, Қыз Жібек фильмін сақтап қалуға қосқан еңбегін жоғары бағалады.

Горбачев кезеңінде арнайы қор ашып, қаржыны үнемдеп, «Қыз Жібек» фильмін Мәскеудегі архивтен қайта алдырған еңбегі – үлкен ерлік, – деді ол.

Бұдан бөлек, тележүргізуші актрисаның елордада Қыз Жібек пен Төлегенге ескерткіш орнату бастамасын да қолдайтынын жеткізді.

Сөз соңында Дана Нұржігіт өнер адамдарына құрмет тек сөзбен емес, нақты қолдау арқылы көрсетілуі тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай тұлғалар лайықты өмір сүруге толық құқылы.

 

Сәйкес жаңалықтар

Қазақ күресі Конфедерация кубогына қосылды(видео)

Ришат

Asar Baspana қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

bairakkz

Зарина Дияс Токиода жеңімпаз атанды

Ришат