Әнші, «Меломен» тобының бұрынғы мүшесі Жігер Ауыпбаевтың екінші рет шаңырақ көтергені туралы жаңалық әлеуметтік желіде қызу талқыланды.
Өнер иесі өзінің Instagram парақшасында сүйіктісі Мумина Адахамоваға ұсыныс жасаған сәттен бейнежазба жариялап, өміріндегі қуанышты жаңалығын бөлісті.
Алайда желі қолданушылары жас жұбайларды құттықтаудан бұрын қалыңдықтың сырт келбетіне қатысты түрлі болжам айта бастады. Кейбірі Мумина Адахамованың аяғы ауыр болуы мүмкін деген пікір қалдырған.
Осыған байланысты Мумина Адахамова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасап, тараған қауесетке жауап берді.
Алланың алдында арым таза! «Жүкті болып тұрмысқа шыққан» деп жазып жүргендерге айтарым – ата-анамның тәрбиесін аяққа таптайтын адам емеспін. Бізге ақ тілегін арнап жатқан жандарға шын жүректен алғыс айтамын, – деп жазды ол.
Сонымен қатар ол өзгелердің жеке өміріне қатысты негізсіз пікір айтпауға шақырып, адамға дәлелсіз жала жабудың жауапкершілігі бар екенін еске салды.
Айта кетейік, бұған дейін Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші сүйіктісімен отбасын құрғаны туралы хабарлаған болатын.
