Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жолданды

aikyn.kz

Қазақстанда 25 млрд теңгеден астам қаржы жиналған «Asar Baspana» қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген тергеп-тексеру нәтижесінде бұл ұйымның 2023–2025 жылдар аралығында ел аумағында тұтыну кооперативі ретінде бүркеніп жұмыс істегені анықталды.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, қаржы пирамидасының қызметіне 90 мыңнан астам адам тартылып, салымшылардан жиналған қаражат көлемі 25 млрд теңгеден асқан.

Тергеу материалдарында көрсетілгендей, қаржы негізінен бақылауда болған жеке кәсіпкерлердің шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылардың жеке мүддесіне пайдаланылған. Сонымен бірге қаражаттың нақты есебі жүргізілмей, заңсыз әрекеттердің ізін жасыруға әдейі жол берілген.

Қылмыстық іс соттың қарауына берілді.

Сәйкес жаңалықтар

Жамбыл облысында күйеуі сәлем салмаған келіншегін сотқа берген

bairakkz

Жұмыс істеуден бас тартқандарға заңды қатаңдату керек – министр

bairakkz

ПЕЛЕ:»ОЛ ЖАҢА ПЕЛЕ БОЛУҒА ЛАЙЫҚТЫ»

bairakkz