Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Жазира Байырбекова болашақ келінін көрсетті

Фото: видеодан скрин

Танымал әнші жұп Жанболат пен Жазира ұлының болашақ жары туралы жаңалықты көпшілікпен бөлісті.

Өнер иесі әлеуметтік желіде сүйінші жаңалығын жариялап, келінінің жүзін алғаш рет бейнебаян арқылы көрсеткенін айтты. Жазира Байырбекованың сөзінше, Жандос Қаржаубайдың әніне, Бақыт Қалибектің сөзіне жазылған «Бауырсағы балдай қыз» әні «Әгугәй» ансамблімен бірге түсірілген жаңа бейнебаянымен көрерменге жол тартқан.

«Ал, сүйінші! Келініміздің жүзін бейнебаянда көрсету — бір бөлек әсер. Жандос Қаржаубайдың әніне, Бақыт Қалибектің сөзіне жазылған «Бауырсағы балдай қыз” әні «Әгугәй» ансамблімен бірге түсірілген бейнебаянымен көрерменге жол тартты. Жаңа туындыны тамашалап, жақсы көңіл-күймен қабыл алыңыздар», – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары Жазираның келіні өзіне қатты ұқсайтынын айтып, жас жұпқа ақ тілектерін жаудырды.

Пікір қалдырған көпшілік:

«Жастар бақытты болсын!», «Құтты келін болсын!», «Жазираның өзінен аумайды екен!», «Жұғысты болсын ұлыма!» – деп жазды.

Сәйкес жаңалықтар

Айдын Рақымбаев пен әйелі байлығының жартысын таратып бермек

bairakkz

Шәміл Әбілтаев: Назарбаевқа күй арнағаным бекер болды

bairakkz

Бүгін де жүлде жоқ

bairakkz