Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Астана-1» теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Көлік министрлігі елордадағы ескі вокзал – «Астана-1» теміржол вокзалының қайта жөндеу жұмыстарына қатысты түсініктеме берді. Вокзалдың орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 10 мыңнан аса адамды құрайды, деп хабарлайды bairak.kz.

Жаңғырту жұмыстары 2024 жылғы 14 сәуірде басталған. Жоба Көлік министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Бас мердігер – Capital Road Construction ЖШС.

Қазіргі уақытта ғимараттың ішкі нысандары толық бұзылып, тек қабырғалары мен бетон қаңқасы қалған. Техникалық зерттеуден кейін бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп, жобалық құжаттама әзірленуде.

Вокзал қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Қызмет көрсету орындары мен жолаушыларға арналған нысандар уақытша бұрынғы тарихи ғимаратқа көшірілген.

Көлік министрлігінің мәліметінше, вокзалды қайта құру және жаңғырту жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталады. Жобаның түпкілікті құны жобалық-сметалық құжаттама мен сараптама нәтижелері бойынша нақтыланады. Қаржыландыру көздерін нысанның тапсырушысы ретінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ анықтайды.

Жөндеу жұмыстары барысында:

  • ғимараттың шатыры мен қасбеті,

  • ішкі нысандар,

  • жолаушылар платформалары мен құрылымдары жаңартылады.

Сонымен қатар, хабарлау жүйелері, бейнебақылау және дабыл жүйелері жаңартылып, инженерлік желілер ауыстырылады. Вокзал маңы да абаттандырылады.

Сәйкес жаңалықтар

Ұлттық қауіпсіздік органдары 4 терактінің алдын алды

bairakkz

Ливандағы бітімгершілік базасына шабуыл жасалды

bairakkz

Грант иегерлерінің толық тізімі шықты

bairakkz