Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметЖаңалықтар

Маңғыстаудағы жол апатына байланысты қаза тапқандардың туыстарын жеткізу үшін арнайы борт жіберілді

Фото: ІІМ

ІІМ Ұлттық ұланының арнайы борты Маңғыстау облысына аттанды. Ол арқылы жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстары өңірге жеткізілуде.

Әуе кемесінде марқұмдардың денесін сәйкестендіру және тиісті рәсімдерге қатысу үшін олардың жақындары бар. Сонымен қатар, борт қаза тапқандардың денелерін өз өңірлеріне жеткізуге де пайдаланылмақ.

Марқұмдардың ішінде Қарағанды облысының бес тұрғыны және Астанадан бір әйел бар.

Бұл қадамның басты мақсаты – қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, денелерді сәйкестендіру мен тасымалдау, әрі жерлеу рәсімдерін дер кезінде ұйымдастыруға қолдау білдіру, — деді ІІМ ресми өкілі, департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.

Еске салсақ, 11 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы Сенек ауылынан 90 шақырым жерде ірі жол апаты тіркелді. Салдарынан 10 адам қаза тапты.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, зардап шеккен үш адамның жағдайы бақылауға алынған.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте 70-тен аса оқушыға мектеп құрал-жабдықтары табысталды

bairakkz

Бақтияр Артаев Қызылордадағы лауазымды қызметке ұсынылды

bairakkz

Бозымбаев әкімдіктерге су тасқынына дайындықты 1 наурызға дейін аяқтауды тапсырды

bairakkz