Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

Атырауда сауда орталығында жасөспірім биіктен құлап, жарақат алды

Фото: видеодан скрин

Атырау қаласындағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде 14 жастағы жасөспірім қауіпсіздік талаптарын бұзып, биіктен құлап кеткен. Оқиға 24 наурыз күні кешкі уақытта болған.

Полицияның мәліметінше, жасөспірім ата-анасының қарауынсыз жүрген. Ол сауда орталығының үшінші қабатынан қауіпті тәсілмен төмен түспек болып, кіреберіс бөлігінің үстіндегі құрылымға шығып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, бала жоғарыдан салбырап тұрған сымдар арқылы түсуге әрекет жасаған. Алайда бір сәтте қолы тайып, төменге құлап, кіреберістің төбесін тесіп өткен.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы дереу жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Дәрігерлер тексеруінен кейін жасөспірімнің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, ол ата-анасымен бірге үйіне жіберілген.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл жағдайға байланысты баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Себебі олар бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамаған.

Сонымен қатар, уәкілетті органдарға сауда орталығындағы қауіпсіздік шараларын қосымша тексеру туралы тапсырма берілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірім ата-анасының тыйым салғанына қарамастан достарымен бірге сауда орталығына барған. Кейін әкесі іздеп келген кезде, бала қашпақ болып осындай қауіпті әрекетке барған болуы мүмкін.

Кейбір куәгерлер оқиғаға жанжал себеп болуы ықтимал екенін айтады. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз қатынайтын болады

bairakkz

Милан-2026: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

bairakkz

Айгүл Иманбаева үйлену тойын Лос-Анджелесте өткізетін болды

bairakkz