Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

БАӘ-де екі қазақ қызы өлі табылды: күдікті туралы не белгілі?

фото: depositphotos.com

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында екі Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады.

СІМ мәліметінше, қазіргі уақытта БАӘ-нің жергілікті құзырлы органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.

«Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі БАӘ-нің Шарджа қаласында қаза тапқан азаматтарымыз А. Б. және Ж. Б.-ның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. СІМ қаза тапқандардың отбасыларымен байланыста және өз құзыреті шеңберінде оларға қажетті көмек көрсетіп жатыр», – делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы марқұмдардың отбасыларына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Атап айтқанда, құжаттарды рәсімдеу және БАӘ-нің құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша қолдау көрсетілуде.

Stan.kz мәліметінше, марқұмдардың туыстары 2004 және 2006 жылы туған екі қыздың Шарджада жұмыс істегенін айтқан. Олар тамыздың соңы немесе қыркүйектің басында Қазақстанға оралуды жоспарлаған. Алайда шамамен бір апта бұрын жақындарымен байланысын үзген.

Туыстарының айтуынша, кейін қыздардың денелері табылған. Отбасы өкілдері олардың пышақ жарақатынан көз жұмғанын және күдіктінің ұсталғанын мәлімдеген. Сондай-ақ күдіктінің Қазақстан азаматы болуы мүмкін екені айтылған.

Алайда қыздардың нақты өлім себебі, күдіктінің ұсталғаны және оның азаматтығы туралы бұл мәліметтерді ресми органдар әзірге растаған жоқ.

Әлеуметтік желілерде марқұмдардың жақындары қыздардың денелерін Қазақстанға жеткізу мәселесінде көмек сұраған.

 

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанға салқын ауа райы келе жатыр: аптап ыстықтың беті қайтады

bairakkz

Астанада есірткіні насихаттайтын 200-ден астам сайт бұғатталды

bairakkz

Шерзат Болаттың дене жарақаттары көрсетілді

bairakkz