Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

 «Бағанашыл» балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды

«Бағанашыл» балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды
www.akorda.kz

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды bairak.kz.

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды.

Сондай-ақ Руслан Желдібай Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі Алматыдан Қонаев қаласына көшірілмейтінін хабарлаған.

Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады.

Айта кету керек, «Бағанашылдағы» балалар үйіне қатысты жағдай наурыз айында басталған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

«Халық бухгалтері» акциясы 1 қаңтардан бастап басталады

bairakkz

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев тұрғындарымен кездесті

bairakkz

21–27 шілде күндері елімізде және әлемде қандай ірі жарыстар өтеді

bairakkz