Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

21–27 шілде күндері елімізде және әлемде қандай ірі жарыстар өтеді

21–27 шілде күндері елімізде және әлемде қандай ірі жарыстар өтеді?
ҚР ТСМ Баспасөз қызметі

Туризм және спорт министрлігі 21–27 шілде күндері елімізде және әлемде қандай ірі жарыстар өтетінін жариялады, деп хабарлайды bairak.kz.

21–30 шілде: Тоғызқұмалақтан Әлем кубогі

Жарысқа Қазақстан, Чехия, Румыния, Түркия, Қырғызстан, Мажарстан, Польша, Аустрия, Словакия, Молдова, Болгария және Сербиядан 50-ге жуық спортшы қатысады.

Өтетін орны: Пардубице қаласы, Чехия

 

22–30 шілде: Семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионаты

Қазақстан құрамасы сапында 24 спортшы өнер көрсетеді.

Өтетін орны: Тбилиси қаласы, Грузия

 

22–29 шілде: Таеквондодан кадеттер және юниорлар арасындағы Азия чемпионаты

Еліміздің атынан 14 спортшы сынға түседі.

Өтетін орны: Кучинг қаласы, Малайзия

 

23–27 шілде: Байдарка мен каноэ есуден жастар және U23 арасындағы әлем чемпионаты

Бұл жарысқа Қазақстаннан 18 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Монтемор-у-Велью қаласы, Португалия

 

24–27 шілде: Белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогі

Байрақты бәсекеге еліміздің 16 өңірінен 250-ге жуық спортшы қатысады.

Өтетін орны: Ақтау қаласы

 

25–27 шілде: Дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі

Халықаралық додада Қазақстаннан 7 дзюдошы татамиге шығады.

Өтетін орны: Ұлан-Батыр қаласы, Моңғолия

 

21–26 шілде: Phygital Games 2025 халықаралық турниріне іріктеу жарысы

Фиджитал-футбол және фиджитал-баскетбол бойынша өтетін республикалық турнирге еліміздің 6 өңірінен 16 команда қатысады.

Өтетін орны: Астана қаласы, Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы

Сәйкес жаңалықтар

Кентауда заманауи жаттығу залы ашылды

bairakkz

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы әлеуметтік сауалнама жүргізді

Ришат

Қазақтың әжелері Париж бен Милан сән апталығында подиумға шығады

bairakkz