Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

BI Group клиентке сатқан пәтерін 10 күннен кейін қайта алып қойған

BI Group

Еліміздегі ең ірі құрылыс компанияларының бірі – BI Group Big Tandau бағдарламасына қатысқан азаматшамен келісім жасап, арада 10 күн өткен соң компания оған пәтерді ала алмайтыны туралы хабар алған.

Клиенттің айтуынша, бастапқыда сатып алу рәсімдері толық аяқталған: өтінім мақұлданып, барлық құжаттарға қол қойылған, қажетті жарна төленген. Тіпті компания оны ресми түрде құттықтап, сыйлық табыстаған. Алайда арада 10 күн өткен соң компания өкілдері «жүйеде қате кеткенін» айтып, пәтерді сата алмайтынын жеткізген.

Маған жай ғана қоңырау шалып, “сізге пәтерді сата алмаймыз, жүйеде қате кеткен” деді. Егер бәрі рәсімделіп қойған болса, бұл қандай қате? – дейді ол.

Компания өкілдері бұл жағдайды «бұрын-соңды болмаған жайт» деп түсіндірген. Алайда тұтынушы мұндай жауапқа күмәнмен қарайды. Оның сөзінше, мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысқанымен, балама ұсыныс берілмеген.

Қандай да бір шешім іздедім, балама бар ма деп сұрадым. Бірақ нақты жауап болмады, – дейді азаматша.

Клиентті ең алаңдатқаны – пәтерден бас тарту емес, компанияның қарым-қатынасы болған. Оның айтуынша, уәде етілген кері байланыс болмаған, сұрақтарына нақты жауап берілмеген.

Қазіргі уақытта келісім жасалғанына 20 күн өткен. Компания келісімді бұзуды ұсынғанымен, өтінішті клиенттің өзі жазуы керек екенін айтқан.

Бұл менің кінәм емес қой. Егер “жүйелік қате” болса, неге мен келісімді бұзу туралы өтініш жазуым керек? – дейді ол.

Азаматша бұл жағдайды жария ету арқылы осындай мәселеге тап болған басқа да адамдардың бар-жоғын білгісі келетінін жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

ҚАЗАҚТА БЕС АЛТЫН!

bairakkz

ШИРЕК ФИНАЛ ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ

bairakkz

Бейбіт Назаров АҚШ-та жеңіске жетті(видео)

Ришат