Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Перизат Қайраттың мүлкі аукционға шығарылады

Фото: instagram.com/01pk/

«Biz birgemiz» қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі Перизат Қайраттың мүлкі сот шешіміне сәйкес аукцион арқылы сатылатын болды, деп хабарлайды bairak.kz.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Сенаттың жалпы отырысынан кейін мәлімдеді.

«Бүгінге ешқандай өзгеріс жоқ, қадағалап отырмыз. Апелляциялық шағым түскен жағдайда ол туралы хабардар боласыздар. Сот үкіміне сәйкес, сот орындаушылары мүлікті аукционға шығарып сатады. Түскен қаражат есебінен зардап шеккендердің шығыны өтеледі», – деді ол.

Елемесовтің айтуынша, қор есепшотына түскен қаражатты тек Перизат Қайрат өзі ғана иемденген. Басқа тұлғалардың қаржыны талан-таражға салғаны анықталмаған.

Еске сала кетейік, шілде айында Астана қалалық соты Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Ал оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.

Бас прокуратура дерегінше, Перизат Қайрат пен анасы заңсыз жолмен 3,5 млрд теңге иемденген. Сонымен қатар, олар 51 жәбірленушіге 1,5 млрд теңге өтеп беруге міндеттелді.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда аутизмді ерте анықтау жүйесі күшейтіліп жатыр

bairakkz

Қазақстан футбол федерациясы ребрендинг жасады

Ришат

«ҚАҢТАР»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТ ЖЕТІСТІКТЕРІ

bairakkz