ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарымен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы қызу жүріп жатыр. Жас буыннан бастап еңкейген қарт тұрғындары да дауыс беруде.
Жасы 90 ды алқымдаса да, 39 сайлау учаскесіне арнайы келіп, Козыбаева Базархан апамыз, дауыс берді. Бүгінде 7 бала тәрбиелеп өсірген апамыз ел ертеңі үшін бұл күннің маңызы зор екенін айтып, қалыс қалмауға шақырды.
Қария ел үшін маңызды саяси науқандарда үнемі өз таңдауын үзбей жасап келген.
Комиссия мүшелері мұнда сайлауға келуші тұрғындардың көп екенін атап өтті. Әсіресе, сайлаудың алғашқы сағаттарында қариялар да, жастар да саяси науқанға белсенді түрде атсалысқан.