Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Еңбек Ері елден бұрын келді

Жетісу облысындағы еңбегімен дараланып, еліне үлгі көрсеткен Еңбек ерлерінің бірі Күләш Айтжанова апамыз бұл жолы да сайлауға елден бұрын келіп, өз таңдауын білдірді.

Қашан да ауылдастарының алдынан көрініп, өзінен кейінгілерге өнегесін көрсетіп, ақыл-кеңесін айтып жүретін апа саяси сауаттылығын да танытып, бұл жолғы сайлаудың жөні бөлек екенін, халқымыздың бақуатты болашағы мен мемлекетіміздің мерейлі мәртебесі осы сайлаудағы дұрыс таңдауға байланысты екенін айтады. Жаркент қаласындағы № 317 сайлау учаскесінде дауыс берген Еңбек ері әрбір сайлаушы азаматтың дауысы маңызды екенін жеткізді.

– Әркімнің өз еркімен дауыс беруі дегеніміз – болашаққа жасалған әділ таңдаудың кепілі. Сондықтан менің де, сіздердің де дауысыңыз маңызды. Бүгінгі сайлау өте ерекше болды. Жекелеген азаматтар додаға түсіп жатыр. Жаңа Қазақстанның көрінісі осы, – деді заманында еңбегімен дараланып, қазіргі кезде үлкен бір әулеттің көшбасшысы, ауылдастарының ақылшы анасы атанып отырған апа.

Осы жолғы сайлауда Панфилов ауданындағы 78 дауыс беру учаскесі бойынша 84 мыңнан астам тұрғын дауыс беруге тиісті.

Сәйкес жаңалықтар

В селе Актекше проголосовало 100% избирателей

bairakkz

САМБОШЫЛАР ЕРЛЕДІ

bairakkz

Алаяқтар ҰҚК атын жамылып, адамдарға құжат жіберіп жатыр

bairakkz

Пікір жазу