Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстанға қатысты шешім шығарды

   Осы жылдың 30 қыркүйек – 1 қазан аралығында Румыния астанасы Бухаресте Халықаралық ауыр атлетика федерациясы(IWF) Атқару комитетінің кезектен тыс отырысы өтті. IWF-тің күн тәртібіндегі, салмақ категорияларының саны, Олимпиада ойындарының іріктеу ережелері және басқа да мәселелер бойынша өзгерістер талқыланды.

Халықаралық Олимпиада комитеті мен БАҚ назарын аударған мәселе допингке қарсы шаралар мен ауыр атлетиканың болашағына қатысты ұстанымдар болды. IWF 2008 жылғы Бейжіңдегі және 2012 жылғы Лондон Олимпиадалары қатысушыларының допинг сынамалары “ре-анализ” қорытындыларының көптеген жағдайларына байланысты айрықша қадағалау үстінде екені белгілі.

Еске сала кетейік, 2016 жылы Тбилисиде өткен IWF Атқару комитеті отырысының қорытындысы бойынша 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиадаларда допингке қарсы заңнаманы үш немесе одан көп бұзған елдерді барлық турнирлерден бір жылға шеттету туралы шешім қабылданған еді Көрсетілген мерзімге ауыр атлетикада көшбасшылық етіп жүрген Қазақстанды қосқанда 9 ел тізімге енді.

Күткендей, атқару комитеті мүшелері “Тбилиси шешімін” бекітті және арнайы комиссияның ұсынымы негізінде оның орындалу әдістері туралы талқылады.

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы бұл мәселені талқылаудың барлық кезеңінде біршама себептерге байланысты санкцияларға лайықты еместігін жеткізумен болды. Федерацияның басқарма құрамы толықтай ауыстырылды, допингке қарсы саясат пен жұмыстар айтарлықтай жетілдірілді және қатаңданды, осының нәтижесінде 2016 және 2017 жылдары қазақстандық атлеттердің допинг сынамаларынан тыйым салынған препараттар табылған жоқ.   Көрсетілген ақпаратты қазақстандық делегация IWF Атқару комитетіне табыстады.

Атқару комитетіне қазақстандық федерацияны маусым айында IWF вице-президенті қызметіне сайланған Қазақстан ААФ президенті Жанат Түсіпбеков бастап барды.

 

IWF ресми шешіміне сәйкес, шешімді орындау мен оған сәйкес жағдайлар туралы хабарландыру аталған 9 ұлттық федерацияға қазан айының ортасында жіберіледі.

Қазақстандық тарап ешқандай тәртіптік шараның Қазақстанның жасөспірімдер мен жастар құрамасына қолданылмауы және қазақстандық өкілдердің халықаралық және азиялық федерациялардың басқару органдарында жұмыстарын толықтай жалғастыра беруі бағытында жұмыстар жүргізетін болады.

Негізгі тәртіптік шара ҚР ересектер құрамасының 12 айға шеттетілуіне қатысты болады деп күтілуде. 9 елдегі допингпен күрес саласы жағдайына байланысты мониторинг жүргізетін арнайы комиссияның қорытындысы негізінде жарыстардан шеттету өз күшін ерте жоюы мүмкін.

 

Сәйкес жаңалықтар

Төрткүл көз тіккен тартыс

bairakkz

Жетісу облысының бейнесі

bairakkz

Дауыс беру — әр адамның азаматтық борышы

bairakkz