Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтарОқиғалар

Дубайда сотталған қазақстандық елге қайтарыла ма?

ашық дереккөзден

Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандық азаматтың елге экстрадициялануы әзірге қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев хабарлады.

Қазіргі үкім – Дубайдағы бірінші сатыдағы соттың шешімі ғана. Қазір аппеляциялық шағым беріліп, тиісті сот рәсімдері жалғасып жатыр. Сондықтан экстрадиция мәселесін көтеру әлі ерте. Алдымен сот процесі толық аяқталып, шешім заңды күшіне енуі тиіс, содан кейін ғана нақты қадамдар қарастырылады, — деді ол.

Сондай-ақ, бұл іс Біріккен Араб Әмірліктерінің заңнамасына сәйкес қаралып жатыр. Қазіргі таңда істі адвокаттар мен Қазақстанның Бас консулдығы бақылауда ұстап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Дубайда қазақстандық азамат ауыр қылмыстар бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылғаны хабарланған еді. 18 наурыз күні бірінші сатыдағы сот оған сондай-ақ айыппұл салу туралы шешім шығарған. Алайда қорғау тарапы аппеляцияға жүгінгендіктен, үкім әлі заңды күшіне енбеген.

Сәйкес жаңалықтар

«72 рет пышақ сұғар едім»: Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты пікір жазған ер адам ұсталды

bairakkz

Владислав Челах шартты түрде босап шығуы мүмкін — адвокат

bairakkz

ШҚО-да әскери қызметші көз жұмды

bairakkz