Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Джей Ло шоуы Алматыға 10 миллиард теңге пайда әкелді

Фото: First Media Group

Алматыда өткен Дженнифер Лопестің концертіне 27 мың көрермен жиналып, шаһарға миллиардтаған теңге пайда әкелді, деп хабарлайды bairak.kz.

Билет бағасы 40 мыңнан 180 мың теңгеге дейін жеткен. Ұйымдастырушылардың алдын ала жасаған есебі бойынша бұл іс-шарадан бюджетке түсетін салық көлемі 600 млн теңге шамасында болмақ.

Up All Night туры аясында алты апта бойы әлем елдерінде Дженнифер Лопестің концерттерінде бас режиссер болған Кристиан Ламб пен Алматы, Астана және Ташкент қалаларында артистпен бірге жұмыс істеген техникалық директор Григорий Антропов Алматыдағы сахнаның, шоу өткен алаңның дайындығын барлық алаңдардың ішіндегі ең үздігі деп атап, ұйымдастырушылар еңбегін жоғары бағалады, – деп мәлімдеді First Media Group өкілі.

Әкімдікте атап өтілгендей, қосымша табысқа мейрамханалар, кофеханалар, қонақүйлер мен көлік компаниялары да кенелді.

Көрермендердің шығындарын және жанама түсімдерді есепке ала отырып, туризм басқармасының алдын ала бағалауынша, концерттен түскен жиынтық қаржы айналымы 10 миллиард теңгеден асады, – деп қорытындылады әкімдік

 

Сәйкес жаңалықтар

Әйелдердің мерекесінде бір реттік әлеуметтік төлем үлестіріледі

bairakkz

Милан-2026: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

bairakkz

Өзбекстанмен шекарада мыңдаған тонна картоп шіріп кетті

bairakkz