Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Спорт

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Қазақстан құрамасының теннисшісі Елена Рыбакина Эр-Риядта(Сауд Арабиясы) болып жатқан WTA қорытынды турнирінде үшінші матчын өткізді.

Ол әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға (Беларусь) қарсы ойнап, үш сетке созылған кездесуде 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл матч турнирдің топтық кезеңі аясында өтті. Бұған дейін Рыбакина алғашқы екі ойында италиялық Жасмин Паолиниге және қытайлық Чжан Цинвэнге есе жіберді. Ал, Соболенкоға қарсы кездесудің алдында Елена жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылып қалған еді, сондықтан бұл ойын оның турнирлік жағдайына әсер етпейді.

Сәйкес жаңалықтар

Азия чемпионатында орын алған қазақ боксшылары қанша сыйақы алады?

bairakkz

Олимпиада чемпионы бокстан Қазақстан чемпионатына қатысуы мүмкін

Ришат

Қазақстанның жас боксшылары Будвада 27 медаль жеңіп алды

bairakkz