Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Шоу-бизнес

Нұрлан Қоянбаев 1 миллион теңге айлыққа мобилограф іздейді

Нұрлан Қоянбаев өзіне мобилограф іздейді. Бірақ бұл жолы өмірде емес, кинода, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақ комедиясының королі атанған Нұрлан Қоянбаев кино өндіріске қайта оралды. Жақында жаңа туындысы жарыққа шығады.

Сценарий бойынша Нұрлан Қоянбаев өзіне мобилограф іздейді. Айлығы да жаман емес, 1 миллион теңге.

Фильмге BayGUYS тобының мүшелері түскен. Продюсер бұл фильмнің жөні бөлек екенін айтты. Себебі кинода тарихқа оралып, күлдіре отырып, қоғамдағы кемшіліктің бастауын анықтауға тырысады.

«Тарихта маңызды бір кезеңдер бар… Фильмде ханмен кездесеміз, ханға қазіргі бізде болып жатқан оқиғаларды айтып береміз. Ол шешімін айтады. Басқа тарихи кинолардағы қазақ хандары мен өмірінің көрінісі ұнамайтын. Бұл фильмде Рим Империясы өзін қалай көрсетсе, мен де өз тарихымды солай көрсеткім келеді», — деді Нұрлан Қоянбаев Revue News бағдарламасына берген сұхбатында.

Фильмнің желісі туралы қысқаша айта кетейік. Кино желісі бойынша Бейбіт және Ермек есімді достар Нұрлан Қоянбаевты іздеп, ауылдан қалаға аттанады. Ондағы мақсаты — сүйіктісінің талабын орындап, Нұрланның мобилографы болу.

Фильмнің өмірмен байланысы да жоқ емес. Басты рөлде BayGUYS тобының мүшелері Бағжан мен Жалғас ойнайды. Продюсердің айтуынша, 19 желтоқсаннан бастап «Қазақ әлемі» фильмін кинотеатрдан тамашалауға болады.

Сәйкес жаңалықтар

Көшпенділер Ойындары аясында Димаш Құдайберген жеке концертін береді

bairakkz

Мақпал Жүнісова жақсы жаңалығын бөлісті

bairakkz

Айгүл Иманбаева үйлену тойын Лос-Анджелесте өткізетін болды

bairakkz