Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарШоу-бизнес

“Досымнан сатқындық көрдім”: Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарды

Instagram/aigul_imanbayeva

Қазақстандық әнші Айгүл Иманбаева өз өміріндегі ауыр кезеңдердің бірі туралы айтып, жақын достарынан көрген сатқындықты еске алды.

Өнер иесінің айтуынша, ол өмірінде үш бірдей досының сатқындығын бастан өткерген. Әсіресе жеке өміріне қатысты жағдайлар оған ауыр соққы болғанын жасырмады.

“Маған оны бүгінгі күнге дейін айту өте ауыр. Өйткені мен ол досымды әлі күнге дейін жақсы көремін. Жеке өміріме қатысты досымнан сатқындық көрдім. Күнделікті өмірде, материалдық мәселелерге байланысты да сондай жағдайлар болды”, – деді әнші.

Айгүл Иманбаева сол кезеңде психологиялық тұрғыдан қатты күйзелгенін, тіпті депрессияға түскенін айтты.

“Мен сындым, құладым, жыладым. Бүк түсіп жатқан кездер болды. Бірақ уақыт өте келе бәрін қабылдауды үйрендім”, – деп бөлісті ол.

Әншінің сөзінше, егер адам өз досын шын жақсы көрсе, оның қателігін де қабылдауға тура келеді. Дегенмен ол мұндай жағдайдан кейін сақ болуды үйренгенін де атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан Ресейге бензин экспорттай ма? Министрлік жауап берді

bairakkz

Экс-әйелін жұмысына барып өлтірген атыраулыққа қатысты сот үкімі шықты

bairakkz

БҰЙЫРҒАНЫ БІР ҰПАЙ

bairakkz