Астанадағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында №66 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Айғаным Амантайдың мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды bairak.kz.
Балалар арасындағы көптеген халықаралық байқаулардың жүлдегері атанған жасөспірім оқушының өнері Тәуелсіздік мерекесіне арналды. Концертте байтақ еліміздің сұлулығын дәріптейтін әндермен қатар, балаларды достық пен адалдыққа шақыратын әндер де шырқалды.
Ұстаздары жас әншінің кішкентайынан өнерлі, әрі өжет болғанын айтады.
Айғаным кішкентай кезінен маған ән жазу студиясына келетін. Әндерді анасымен, ұстаздарымен бірге ақылдасып отырып таңдайтынбыз. Ол эстарада, заманауи жанрдағы әндерді жақсы орындайтын жас әнші. Орындауы да еркеше, басқаға ұқсамайды. Өте қарапайым, әрі еңбекққор бала. Біраз конкурстар жеңімпазы атанғанын да білеміз, әрі мақтамыз, — деді әнші, музыкант Нартай Өтеген.
Концертте Айғаныммен бірге достары да өнер көрсетті. Ержан Максим екеуі кішкентайынан бірге ән айтқан.
Біз бүгін жас әншінің тәуелсіздікке арнаған ән кешіне келіп отырмыз. Айғанымның сахнада кішкентайынан жүргенін оның өзін саханада дұрыс ұстауы мен жүріс-тұрысы көрсетіп тұр. Баланың жақсы табиғи дауысы да бар екен. Бұл қызымыздың болашақта әр-түрлі күрделі шығармаларды орындай алатын мүмкіндігі бар деп ойлаймын. Өйткені дауыс диапазоны кең екен. Сонымен қатар композиторлығы да секілді. 1-2 әнін бүгін естідік. Ата-анасының үлкен еңбегі мен қолдауы көрініп тұр. Үлкен сахнадан көрінетін еліміздің болашақ жарқын жұлдызыдары көп болсын дегім келеді, — деді концертке келген көрермен Ғалия Жаненова.
Концертке келген мектеп оқушылары мен ұстаздар жас әншінің қабілеті мен еңбекқорлығына сүйсініп, барынша қолдау көрсетті. «Астана Дарыны» мекемесі мен 66-мектеп-лицейі директоры атынан жасөспірімге арнайы грамоталар табыс етілді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Астаналық оқушы Ереванда өткен ән байқауында жеңімпаз атанғаны туралы жазғанбыз. Айғаным «Baqytty Bala – 2023» байқауының жеңімпаздары қатарынан көрінген еді. Ресейде өткен «Балалар жаңа толқыны»халықаралық ән байқауында да лауреат атанған еді.