Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Үстел теннисінен Кирилл Герасименко Азия құрамасымен жеңіске жетті

Норвегияда үстел теннисінен Вальднер кубогы турнирі өтті. Оған Азия мен әлем құрамалары қатысты, деп хабарлайды bairak.kz.

Азия құрамасын Ма Лонг, Чэнь Мэн, Джанг Уджин, Лим Джонхун, Шин Юбин, сондай-ақ Маники Батра және қазақстандық Кирилл Герасименко қорғады.

Оларға Трульс Морегард, Дмитрий Овчаров, Уго Калдерано, Адриана Диас және Бернадетте Сёч қарсы өнер көрсетті.

Нәтижесінде Азия құрамасы 14:10 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Ян-Уве Вальднер — Халықаралық үстел теннисі федерациясы бойынша XX ғасырдың үздік ойыншысы, әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жеңімпазы.

Фото: ҰОК

Сәйкес жаңалықтар

Мақпал Жүнісова анасын туған күнімен құттықтады

bairakkz

Жазира Байырбекова ұлы Қазыбектің үйлену тойына дайындықты бастап кетті

bairakkz

«Сұлтан Сүлеймен» рөлімен танымал актер сотталды

bairakkz