Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Елордада жүкті әйелге сирек жатырішілік ота жасалды

Астанада алғаш рет егіз балаларға жүкті әйелге жатырішілік екі ота жасалды, деп хабарлайды bairak.kz.
Бүгін University Medical Center базасында Астанада алғаш рет денсаулық сақтау министрлігінің және AYALA қайырымдылық қорының бастамасымен «Феталдық медицина» жобасының шеңберінде екі сирек жатырішілік операция жасалды. Отаға ресейлік мамандар да үлесін қосқан.
Дәрігерлер зергерлік дәлдікпен монохориондық көпұрықтық жүктілікті асқынудан аман алып ұалды.
Монохориондық егіздер бір жұмыртқадан түзіледі. Бұл балалар генетикалық жағынан бірдей, олар өте ұқсас, бірақ мұндай жүктіліктің асқынуы бихориалдық егіздерге қарағанда екі есе жиі кездеседі, — деп жазылған ведомство хабарламасында.
Болашақта жылына 150 осындай ота жасау жоспарлануда.
Фото: ДСМ

Сәйкес жаңалықтар

«Асыл домбыра» тележобасының үшінші маусымы өтеді

bairakkz

Ермек Тұрсынов қысым көріп елден кеткенін айтты

bairakkz

Қазақ күресінен Алматыда республикалық ашық турнир өтеді

Ришат