Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Америкалық танымал бапкер Фредди Роуч қазақ боксшысын жаттықтырмақ ниетте

    Кәсіпқой бокс тарихындағы ең танымал бапкерлердің бірі саналатын америклық Фредди Роуч шымкенттік боксшы Мейіржан Піртаевты жаттықтырмақ ниетте. АҚШ-қа жуырда ғана қоныс аударған қазақ баласы Роучпен келісімге келсе, келер жылдың көктемінде кәсіқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізетінін айтты.

Фредди Роучты бокссүйер қауым өте жақсы таниды. Оны көпшілікке таныстырып жатудың өзі артық. Дегенмен, атақты бапкер кімдерді жаттықтырғанына бір көз жүгіртіп көрсек. Тізім әйгілі Майк Тайсоннан басталады. Бұл тізімде сондай-ақ, түрлі салмақтардағы әлем чемпиондары: Мэнни Пакьяо, Мигель Котто, Владимир Кличко, Бернард Хопкинс, Амир Хан, Гильермо Ригондо, Джеймс Тони, Дэниел Джейкобс, Жан Паскаль, Оскар Де Ла Хойя, кіші Хулио Сезар Чавестер бар.

Ол сондай-ақ, 7 рет «Жыл бапкері» деген атаққа ие болған.

Мейіржан Піртаев жастар арасында Қазақстан чемпионы және республикалық спартакиаданың жеңімпазы. Ол ересектер арасында да көптеген халықаралық турнирлердің жеңіп алған. Ұлттық құраманың сапында ірі жарыстарда ел намысын абыроймен қорғады.

Мейіржанның айтуынша, оны кәсіпқой боксқа осымен екінші рет шақырыпты. Екеуінде де Америка Құрама штаттарына. Екінші шақыртудан бас тарта алмадым дейді ол.

«Ең алғаш рет қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұрхан Сүлейман ағамыздың көзіне түстім. АҚШ-та кәсіпқой бокспен шұғылданған Нұрхан ағамыз Шымкентте өткен жарыстардың біріне қонақ болып келіп, менің жекпе-жегімді тамашалаған болатын. Ол кезде жастар арасында жүрген кезім. «Сен кәсіпқой боксқа ауысуың керек, менімен Америкаға жүр, жұлдыз боласың» деді. Тым жас болғандықтан өздігіммен шешім қабылдай алмадым, ата-анаммен ақылдастым. Ол кісілер алыс елге жібергісі келген жоқ, содан қалып қойдым», — дейді М.Піртаев.

Талантты боксшы әйгілі Фредди Роучтың көзіне қалай түскенін де айтып берді.

«Шынын айту керек, жасым отызға жақындап қалды, Ұлттық құрамаға ілінгеніммен Әлем чемпионаттарына, Олимпиадаға бара алмадым. Кезінде кәсіпқой боксқа кетпегенім үшін де өкініп жүргенмін. Осы сәтте АҚШ-та кәсіпқой бокспен айналысып жүрген достарым хабарласып, жедел келуімді сұрады. Ойланып-толғанған жоқпын, сөмкемді жинап кетіп қалдым. Жаттығу залына алып барды, бірнеше бапкерге көрсетті, спарринг өткіздік. Сол сәтте жекпе-жектерімді Фредди Роуч та сырттай тамашалаған екен. Дереу шақыртып алып, жөнімді сұрады. Жақынырақ танысқаннан кейін келісімшартын ұсынды. Қазір осы келісімшартты талқылап жатырмыз», — деді ол.

Айта кетейік, Фредди Роуч бұған дейін бірде-бір қазақ боксшысымен жұмыс жасамаған.

Сәйкес жаңалықтар

Маунтинбайктан Азия чемпионы Алина Сарқұлова өз таңдауын жасады

bairakkz

Министрлер мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету мәселелерін талқылады

bairakkz

Сайлауға мерекелік көңіл күй сыйлады

bairakkz

Пікір жазу