Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Кассациялық сот Шерзат Полат ісі бойынша соңғы шешім шығарды

Ulysmedia.kz коллажы

Астанада Шерзат Полаттың қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша кассациялық сот шешімі жарияланды. Сот алқасы сотталушылар Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметтің шағымдарын қанағаттандырмай, бұған дейінгі сот үкімдерін өзгеріссіз қалдырды.

Бұл туралы заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, сот шешімін әділ деп бағалады.

Оның айтуынша, сот алқасының шешімі істің соңғы нүктесі болып, әділдік орнағанын көрсетеді.

Еске салайық, сотталушылар кассациялық тәртіппен өздерін ақтауды және жаза мерзімін жеңілдетуді сұраған. Дидар Қалиахметтің қорғаушысы қылмыс құрамының жоқтығын алға тартып, толық ақтауды талап етсе, Азамат Тоқтаубаевтың адвокаты жаза мерзімін қысқартуды өтінген.

Алайда сот бұл талаптарды негізсіз деп танып, алдыңғы инстанциялардың шешімдерін күшінде қалдырды.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап алғашқы жеке куәлігін тегін алады

bairakkz

ТЕКЕЛІДЕ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ДАУЫС БЕРДІ

bairakkz

Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі жаңа даму кезеңіне қадам басты

bairakkz