Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Қазақстанда алты банк арқылы Бірыңғай QR-пен төлем жасау мүмкіндігі пайда болды

Фото: © Depositphotos.com

Алматыда өткен Central Asia Fintech Summit форумында Бірыңғай QR қызметінің алты қазақстандық банк клиенттері үшін қолжетімді болғаны ресми түрде жарияланды. Қызметке Банк ЦентрКредит, Home Credit Bank, Freedom Bank, РБК, Халық банкі және Altyn Bank енген.

Қызмет арқылы клиенттер өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы сатушының терминалындағы QR-кодты сканерлеп, сатып алу төлемдерін жасай алады. Жыл соңына дейін бірыңғай QR-ға тағы үш банк қосылады деп жоспарланып отыр.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Kaspi сервисін пысықтау кезеңінде екенін атап өтті. Айта кетейік, қыркүйек айының соңында Бірыңғай QR қызметі тек Банк ЦентрКредит, Home Credit Bank және Freedom Bank клиенттеріне қолжетімді болған еді.

Сәйкес жаңалықтар

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

bairakkz

Жамбыл облысында екі жасөспірім ұзақ жылға сотталды

bairakkz

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

bairakkz