2 қазаннан бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы республикалық референдумға байланысты қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік органдармен бірлесіп, дауыс беруге арналған учаскелерге комиссиялық тексерулер жүргізіледі. Олардың техникалық сипаттарға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, терроризмге қарсы қорғалуы қаралады.
«Полиция қызметкерлері дауыс беру бюллетеньдері жеткізілген сәттен бастап учаскелер маңында қызмет атқарады. Сондай-ақ полицейлер дауыс беру құжаттамасын жеткізуді қадағалайды. Ел бойынша қоғамдық тәртіпті 33 мыңға жуық қызметкер қамтамасыз етеді, оның 18 мыңы сайлау учаскелерінде», – делінген хабарламада.