Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы ресми түрде бекітілді

Фото: Midjourney

Қазақстанда елдің алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыұлттық конкурс өз мәресіне жетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 11 тамызда берген тапсырмасына сәйкес басталған конкурс 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында eGov Mobile платформасында өтті.

Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің мәліметінше, конкурс комиссиясының қорытынды шешімі бойынша халық ең көп ұсынған атау — «Балқаш» атом электр станциясы — жеңімпаз деп танылды. Бұл атау халықаралық тәжірибедегі АЭС-терді географиялық нысан бойынша атау қағидатына да сай келеді.

Байқауға 16 жастан асқан 27 157 қазақстандық қатысты. Әр қатысушы тек бір нұсқа ұсынуға мүмкіндік алған. Нәтижесінде өңдеу барысында кириллица, латын графикасы және мағыналас сөздер ескеріліп, жалпы 10 460 бірегей атау тіркелді.

2025 жылғы 5 қыркүйекте қоғам қайраткерлері, креатив индустрия өкілдері, атом энергетикасы, филология және тарих салаларының мамандарынан құралған Конкурс комиссиясы құрылған болатын. Комиссия отырысында халық арасында ең танымал 100 атау қаралды. Олардың ішінде «Балқаш» атауын 882 азамат ұсынып, рейтингте бірінші орын алды.

Сонымен қатар, нысанның орыс және ағылшын тілдеріндегі ресми атаулары да бекітілді:

Атомная электростанция «Балхаш»

Balkhash Nuclear Power Plant

Сәйкес жаңалықтар

Меценат Дулат Тастекей әйгілі Harvard бизнес мектебін бітірді

bairakkz

Бүгін — Бибігүл Төлегенованың туған күні

bairakkz

Димаш Құдайбергеннің анасы болашақ келініне қоятын талаптарын айтты

bairakkz