Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Қазақстандықтар 1 қаңтардан бастап алғашқы жеке куәлігін тегін алады

Фото: Azattyq Rýhy

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан азаматтары бірінші рет жеке куәлік алған кезде мемлекеттік баж төлемейді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бастама Ішкі істер министрлігі тарапынан көтерілген және бұған дейін болмаған әлеуметтік маңызды шешімдердің бірі саналады.

«2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірінші рет жеке куәлік алатын азаматтар құжатты тегін рәсімдей алады. Сонымен қатар жеке куәлігінің қолданылу мерзімі өтіп кеткен азаматтар да оны ақысыз ауыстыру мүмкіндігіне ие болады», – деді Аслан Аталықов.

Комитет төрағасының сөзінше, бұл қадамның басты мақсаты – азаматтарға қолайлы жағдай жасап, құжат рәсімдеуге байланысты қаржылық жүктемені азайту.

Осылайша, елімізде алғаш рет жеке куәлік алып отырған азаматтар үшін мемлекеттік баж алынып тасталады.

Сәйкес жаңалықтар

Ақылы автотұрақтар бізге керек пе? Астана тұрғындары мен депутаттардың пікірі қандай?

bairakkz

Альпі кубогінде топ жарды

bairakkz

Қысқы Олимпиадаға Қазақстаннан шамамен 35 спортшы қатысады

bairakkz