Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарСаясат

Көктемгі егіс жұмыстары, су тасқыны: Бектенов мемлекет басшысына есеп берді

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды bairak.kz.

Президентке экономиканы әртараптандыру мен нақты сектордағы ауқымды бағдарламаларды қолдау арқылы ынталандыруға және инфрақұрылымды жаңғыртуға қатысты бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы таныстырылды.

Премьер-министр жылыту маусымын өткеру, көктемгі егіс жұмыстарына және су тасқынына қарсы дайындық шаралары туралы айтты.

Президент премьер-министрге экономиканың қарқынды өсімін және әртараптандыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Инфрақұрылымды жетілдіруге, энергетика мен коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға қатысты міндеттерді іске асыру мақсатында жүйелі шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Ұлттық қауіпсіздік органдары 4 терактінің алдын алды

bairakkz

Қарағандыда екі полиция қызметкері азаптау әрекеттері үшін сотталды

bairakkz

Мәсімовке тиесілі самурай қылышы аукционда 1,5 млн теңгеге сатылды

bairakkz