Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Қонаев қаласында “Арена” драмасы сахналанды

Қойылым едел-жедел екі рет өтті. Екеуінде де залы көрерменге лық толы болды. Басты рөлдерде Дулыға Ақмолда, Алмас Шаяхметов, Кенжебек Башаров, Жанаргүл Жаныаманова, Салтанат Бақаева, Жандарбек Садырбаев сынды танымал актерлар ойнады.

Спектакльді көрген халық ерекше әсер алып, ілтипатын білдіріп жатты.

“Драманы талдап айтудың қажеті шамалы. Көрермен көріп, көкейге түйіп өзіне керегін ала жатар. Біз қоғамдағы біраз мәселені айттық. Жалпы жұрттың жылы қабылдағанын осыған дейінгі қойылымдарда да көрдік. Бүгінгі көрермендер де ризашылығын білдіріп жатыр. Құшақ жая қарсы алған Алматы облысы әкімдігіне, Қонаев жұртшылығына алғыс білдіреміз”, — деді спектакль режиссері Елік Нұрсұлтанұлы.

 

Айта кетейік, ASSYLTAS театры 2023 жылдың желтоқсан айында құрылған болатын. Ал, “Арена” драмасы Алматы, Өскемен, Семей қалаларында сахналанған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Выборы 2023

bairakkz

АРДАГЕРЛЕР КҮМІСПЕН КҮПТЕЛДІ

bairakkz

Бокс Қанат Ислам: Намысты жігіттерімізге жол көрсете алмасақ, чемпиондық атақтың құны көк тиын

Ришат