Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Көпбалалы отбасы үшем ұлдарымен бірге келіп дауыс берді

Алдабергенов ауылында тұратын Имангабуловтар отбасы № 110 сайлау учаскесіне үшем ұлдарымен бірге келіп, дауыс берді.

Бес баланың анасы Маржан Имангабулова бірде-бір сайлаудан қалып көрген жоқпын дегенді алға тартады. Тіпті балаларын да белсенді болуға үндеп, оларға үлгі көрсетіп келеді. Бүгінде сайлау учаскесіне екі жастан асқан үшем ұлдарын – Ернұр, Бекнұр, Алинұрмен бірге келіпті.

«Сайлау учаскесіне ерте келіп, өз таңдауымызды жасадық. Осындай шешуші сәттен қалыс қалмай саяси науқанға қатысуға тиістіміз. Өйткені, мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға жиі көңіл бөлінеді. Балаларымыздың болашағы жарқын болсын деген ниетпен таңдау жасадық», — дейді ауыл тұрғыны Маржан.

Сәйкес жаңалықтар

Жапония премьер-министрі отставкаға кетеді

bairakkz

Ғасыр жасқа таянған атамыз дауыс берді

bairakkz

ҮШТӨБЕДЕ ТАКСИ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ САЙЛАУШЫЛАРДЫ ТЕГІН ТАСЫМАЛДАУДА

bairakkz