Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Қорғаныс министрі жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстанның қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды bairak.kz.

Сайлау Астанадағы Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының кезектен тыс отырысында өтті.

Руслан Жақсылықовтың кандидатурасына федерацияның барлық мүшелері бірауыздан дауыс берді. Ол бұл қызметке Айдос Ақжановтың орнына келді.

Қоғамдық бірлестіктің жаңа басшысы Руслан Жақсылықов – дзюдодан КСРО спорт шебері, бірнеше дүркін чемпион, самбо мен дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері.

Федерация мүшелеріне нәтижелі жұмысы мен маған көрсеткен сенімі үшін алғысымды білдіремін. Спорттық және жауынгерлік самбо әскери және құқық қорғау қызметінде жеке құрамды даярлау жүйесінде сәтті қолданылады. Біз спорттың бұл түрін, оның ішінде әскери-қолданбалы спорт ретінде кең көлемде дамытуға үлкен күш саламыз, – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Фото: gov.kz

Сәйкес жаңалықтар

«Үшінші қақпа»: ҚАРА ҚҰРЛЫҚТЫҢ КҮШТІСІ

bairakkz

Шымкентте өрттен зардап шеккен тұрғындар жаңа пәтерге қол жеткізді

bairakkz

Грэпплинг спортынан ҚР кубогы

bairakkz