Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Қуғын-сүргін құрбандарына құран бағышталды

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі — жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық. Осы ретте Қазақстан Жазушылар одағы «ASSYLTAS» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Әруаққа тағзым» іс-шарасын өткізді.

Таңмен Кеңсай зиратына барған бір топ азаматтар дүниеден өткендердің   басына зиярат етіп, құран бағыштады, артынан марқұмдарға арналып ас берілді.

«Өлі разы болмай, тірі байымас» дегендей, бүгін жылдағы дәстүр бойынша саяси қуғын сүргіндерді еске алу күнінде Кеңсайда жатқан марқұмдарды тәу еттік. “Әруаққа тағзым” жобасы аясында енді экспедициялық топ болып, киелі Түркістан, әулиелер жатқан мекен Маңғыстауға, шығыс пен солтүстікте жерленген азаматтарымыздың басына бару үшін жолға шығамыз»,- деді, — ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай.

Экспедициялық топты белгілі ақын, тележүргізуші Бақыт Беделхан бастап бармақшы.  Бастамашы топ, алдағы уақытта аталмыш шара кеңейтілген көлемде жалғаспақ екенін айтты.

Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн астам адам жіберілді.

Сәйкес жаңалықтар

Приближающий светлый праздник Наурыз принесет с собой не только весеннее обновление.

bairakkz

Такое мнение высказали представители Международной Тюркской Академии в ходе брифинга на площадке СЦК в Центре содействия международным наблюдателям

bairakkz

Кербұлақ ауданында сайлау науқаны мерекелік көңіл-күйде өтуде

bairakkz