Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Күйші Бақыт Басығараевтың 100 жылдығына арналған «Толқында» концерті өтеді

Qazaqconcert

Qazaqconcert ұйымы танымал күйші, композитор Бақыт Басығараевтың 100 жылдығына орай Еділ Басығараевтың «Толқында» атты жеке концертін ұсынады.

Концерттік бағдарламада Бақыт Басығараев, Қазанғап, Қаршыға Ахмедияров, Үсен Төре және басқа да халық күйлері мен әндері орындалады. Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Елшібаева, Елмұра Жаңаберген, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ардақ Елеусіз өнер көрсетеді.

Еділ Басығараев – мәдениет саласының үздігі, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі, Қазанғап мектебінің ізбасары. Ол қазақ домбыра өнерін дамытуға және дәстүрлі күйлерді насихаттауға зор үлес қосып келеді.

Кеш жүргізушісі – Жасұлан Наурызбай. Іс-шара ұлттық өнерге тағзым етіп, рухани мұраны ұлықтауға бағытталған.

📍 Өтетін орны: Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1 («Qazaqconcert»)
⏰ Басталуы: 19:00

🎫 https://ticketon.kz/kz/astana/event/edil-basygaraev-tolqynda-concert

Сәйкес жаңалықтар

Жетісу облысының сайлаудағы бейнесі

bairakkz

Түркиядан заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған күдікті экстрадицияланды

bairakkz

Бишімбаев ісі арқылы танылған адвокат Жанна Уразбаховаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

bairakkz