Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратСараптама

Қымбатшылық қысып тұр. Азық-түлік, пәтер тағы не қымбаттайды?

Фото с сайта Depositphotos.com

Соңғы күндері рубль құлдырап, оның салдары қазақтың теңгесіне де әсер етті. Күні кеше бір доллардың бағасы 530 теңгеге жетті. Оның салдары бірден сезілді. Азық-түліктен бастап, бәрі қымбаттап жатыр, деп хабарлайды bairak.kz.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров доллар бағамының күрт өсуіне байланысты баспана қымбаттауы мүмкін екенін жоққа шығарған жоқ.

Қазір тиісті шаралар қолға алынып жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне құрылыс саласын дамыту, дәлірек айтқанда Қазақстанда әрлеу материалдарын өндіру бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырдық. Менің ойымша, біз импортқа тәуелділікті жойып, өз өнімдерімізді экспортқа шығаратындай дәрежеге жету үшін белгілі бір ақша құямыз. Сол себепті импортталатын құрылыс материалдары бағасының өсуіне байланысты тұрғын үй нарығында баға өзгеретін шығар. Біз мұны жоққа шығармаймыз, — деді министр.

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сүйенсек, азық-түліктен қияр бағасы – 40,3%, қызанақ – 37,3%, тәтті бұрыш – 15,5%, басты пияз – 13,9%, сарымсақ – 10,1%, қырыққабат – 8,9%, картоп – 6,2%, апельсин – 4,8%, лимон – 4,1%, күнбағыс майы 4%-ға қымбаттаған.

Фото:  Depositphotos.com

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан шетелдік инвестициялар бойынша ТМД көлемінде көш бастады

bairakkz

Астанада тағы да төрт бала тірідей жанып кетті

bairakkz

Үкіметте қант зауытының жобасы таныстырылды

bairakkz