Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

Қытайдан Испанияға көлікпен шыққан саяхатшылар Жамбыл облысында адасып қалды

Polisia.kz

Қытайдан Испанияға автокөлікпен сапарға шыққан үш шетелдік саяхатшы Жамбыл облысында жолдан адасып, полицияның көмегіне жүгінді.

Оқиға Талас ауданында түнгі сағат 03:55 шамасында болған. Қытай азаматтары Испанияға бағыт алған сапары кезінде жолдан жаңылып, көліктерінің дөңгелегі жарылып қалған.

Қиын жағдайға тап болған саяхатшыларға полиция қызметкерлері көмек көрсетті. Алдымен олардың қауіпсіздігіне көз жеткізіп, жылы шай мен тамақ ұсынған. Кейін эвакуатор шақыртып, істен шыққан көлікті жөндеу орталығына жеткізуге жәрдемдесті.

Жөндеу орталығында көліктің жарылған дөңгелектері ауыстырылды. Тәртіп сақшылары шетелдік саяхатшыларға Испанияға қарай әрі қарай жүретін бағытын да нақтылап берген.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің мәліметінше, көрсетілген жедел көмек пен қамқорлыққа ризашылығын білдірген Қытай азаматтары полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, сапарларын жалғастырған.

Сәйкес жаңалықтар

Асу Алмасбаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегі белгілі болды

bairakkz

СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

bairakkz

Арман Оспанов АСВ 77 турнирінде жекпе-жекке шығады

Ришат