Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

«Маша мен Аюдан» бастап: Ринат Зайыт ойыншықтарда ЛГБТ символикасы барын айтты

Мәжіліс

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат балаларға жиі көрсетілетін «Маша и Медведь» мультфильмін мысалға келтіріп, ұлттық тәрбиеге негізделген отандық анимациялық өнімдер туралы сұрады.

«Балабақшаларда көбіне «Маша и Медведь» мультфильмі көрсетіледі. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырысы аясында ұлттық тәрбие бағытында қандай мультфильмдер әзірленді?» – деп сұрады Ринат Зайыт.

Сондай-ақ депутат мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын әдістемелік және көрнекі құралдардың мазмұнына да назар аударды.

«Балабақшалардағы ойыншықтарға қарасақ, әртүрлі заттар кездеседі. Тіпті ЛГБТ символикасы бар ойыншықтар да болуы мүмкін. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін бекітілген балалар әдебиеті мен көрнекі құралдардың нақты тізімі бар ма?» – деді ол.

Депутаттың сауалына жауап берген Оқу-ағарту вице-министрі Майра Мелдебекова Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бірыңғай бағдарламасы бекітілгенін айтты.

«Қазақстанда мектепке дейінгі білім берудің бағдарламасы бекітілген. Онда ұлттық тәрбие бағыты қарастырылған. Меншік нысанына қарамастан барлық балабақша осы бағдарламаға сүйенуі тиіс», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, балабақшаларда қолданылатын көрнекі құралдардың тізімі министрдің арнайы бұйрығымен бекітілген. Бұл тізімге балалардың жас ерекшелігіне сәйкес сағат циферблаттары, танымал тұлғалардың портреттері, математикаға арналған құралдар, түрлі геометриялық фигуралар және басқа да оқу материалдары енгізілген.

Айта кетейік, Мәжілісте көтерілген бұл мәселе қоғамда балалар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды насихаттау және білім беру мазмұнына қатысты талқылаулардың өзектілігін тағы бір мәрте көрсетті.

Сәйкес жаңалықтар

«72 рет пышақ сұғар едім»: Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты пікір жазған ер адам ұсталды

bairakkz

BI group корпоративке бармағандардың айлығынан ақша ұстап жатқаны рас па

bairakkz

TAS Group жас кәсіпкерлерді қолдауға 115 миллион теңге бөлді

bairakkz