Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Меценат Дулат Тастекей әйгілі Harvard бизнес мектебін бітірді

Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының вице-президенті, тіл жанашыры, «TAS Qroup» қаржы компаниялар тобының жетекшісі, Алматы қалалық мәслихатының депутаты әйгілі Harvard Business School-ды тәмәмдап, “Гарвардтың түлегі” атанды.

Ол 2022 жылы оқуға түсіп, «Жетекші/Президент ретінде басқарушылық» бағдарламасында білім алып, 2024 жылы оқу орнын тәмамдады. Дәл осы бағдарламаны еліміздегі танымал азаматтар да аяқтаған. Соның ішінде «BI Group» холдингінің директоры Айдын Рахымбаев та бар.

Harvard туралы Дулат Тастекей әлеуметтік желідегі парақшасында:

Қырықтың қырқасынан асқан шағымда, қайтадан студент атанып, жатақханада өмір сүріп, лекция тыңдап, емтихан тапсырамын деп кім ойлаған? Әлемнің мен-мен деген кәсіпкерлерімен бірге, жаңа таныстық пен білімге толы естен кетпес үш жыл да зуылдап өте шықты. Гарвардтың маған берген ең құнды дүниесі — нетворкинг, яғни орта. Үнемі даму мен ізденістен жалықпайтын, ұшқыр ойлы, өз саласының үздіктері жиналған оқу орны бұл»,-дейді

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Франция елшісін қабылдады

bairakkz

Мемлекеттік корпорация ұсынған жаңа қызмет көлікті қайта тіркеу процесін жеңілдетеді

bairakkz

Аралас жекпе-жек шеберлері әлем чемпионатының финалына шықты(фото)

Ришат