Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Назым Қызайбай қайырымдылық жасады

Фото: Бокс федерациясы

Танымал боксшы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Instagram парақшасында көпшілікті қуантқан ізгі ісі туралы бөлісті, деп хабарлайды bairak.kz.

Бұған дейін Назым әлеуметтік желі арқылы биыл 1-сыныпқа баратын балалардың ата-аналарынан байланыс нөмірлерін сұраған болатын. Жақында Stories бөлімінде жариялаған жазбасында ол мынадай жүрекжарды сөз қалдырды:

«Жаттығудан кейін өзіме тәнті болып келе жатырмын. Минус 2 миллион, 40 бақытты бала + күлімдеген көпбалалы ата-аналар. Жақсылық санмен емес, жүрекпен өлшенеді».

Бұл жазбадан белгілі болғандай, Назым Қызайбай жаңа оқу жылы қарсаңында 40 баланың мектепке дайындығына демеушілік жасап, көпбалалы отбасыларға көмек көрсеткен. Жеңіс рингте ғана емес, жүрекпен жасалған жақсылықта да екенін дәлелдеген боксшы оқырманның ыстық ықыласына бөленді.

Сәйкес жаңалықтар

Баға тағы өсті! Қазақстанда ең қатты қымбаттаған тауарлар белгілі болды

bairakkz

Қайрат Рысқұлбековтің құрметіне арналған бокс турнирі мәресіне жетті

Ришат

Блогер Мұрат Әбділда қайтадан түрмеге қамауға алынды

bairakkz