Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

«ТАЛДЫҚОРҒАН» ТОП ЖАРДЫ

Талдықорғанда 2003 – 2006 жылғы ұлдар мен қыздар арасында регби-7 спортынан өткен республикалық жарыс өз мәресіне жетті.

Үш күн бойы Жетісу жерін дүбірге бөлеген турнир жоғары дәрежеде өтті. Алдымен жасыл алаңда ұлдар құрамасы бақ сынасты. Жиналған командалардың қай-қайсысы да бір-біріне тегеурінді қарсыластар. Сен тұр, мен атайын дейтін сайдың тасындай іріктелген жастар. Әр команда алаңда барын салып ойнады. Сайысқа тыңғылықты дайындықпен келген біздің команда Америка футболының хас шеберлері екендігін дәлелдеді. Жүйелі ойын нәтижесінде финалдық кездесуде де білгендерінен жаңылмады. Осылайша жасөспірім балалар арасында 1-орынды «Талдықорған» командасының спортшылары жеңіп алды. 2-орын алматылық командаға бұйырды. Ал, облысымыздағы Талғар ауданының командасы үздік үштікті түйіндеді.

Қыздар арасындағы бәсеке де тартысқа толы болды. Жүлделі орыннан көріну үшін регбишілер барын салды. Жарысқа келген жандар спортшылардың ойынынан керемет әсер алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Бұл сында 1-орынды Алматы қаласының командасы еншілесе, талдықорғандық спортшы қыздар тұғырдың екінші сатысынан көрінді. Үшінші жүлделі орын облысымыздағы Текелі қаласының қыздарына бұйырды.

Сәйкес жаңалықтар

АЛҒАШҚЫ ТЕҢ ОЙЫН

bairakkz

Приближающий светлый праздник Наурыз принесет с собой не только весеннее обновление.

bairakkz

Головкин WBN версиясы бойынша рейтингте көш бастады

Ришат

Пікір жазу